Қылмыс

Әйеліне бензин құйып өртеген ер адам сотта не деді?

  • https://365info.kz/

    https://365info.kz/

Елордада әйеліне бензин құйып өртеген ер адам сот алдында жауап бере бастады. Прокурорлар сотталушыны мұндай адам шошырлық іске алдын ала дайындалған дейді. Бірақ күдікті бұл айыппен келіспейді. 

 

Сот залына жиналған екі құдағидың бір-біріне қарағысы жоқ. Екеуі де қайғыдан қан жұтып отыр. Бірі - қызынан айырылса, бірі – темір тордың ар жағындағы баласына алаңдаулы.

 

Оқиға былтыр 6-шы қазанда болды. Прокурордың сөзіне сенсек, күдікті Сапарбек Өмірбеков елорданың шеткері ауданы маңына әйелін апарып, үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Бұл іске ол алдын ала дайындалған.

 

Алмат Сембі, прокурор:

 

- Өмірбеков Нұр-Сұлтан қаласы Тілендиев көшесінің бойында орналасқан «Сәлем» базарына барып, екі литр көлемінде тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайды алдын ала сатып алған. Тез тұтанатын бензин қалпындағы жанармайын қолына алып, қақпағын ашып, Урзабекованың басынан төмен қарай шашып төккен.

 

Сөйтіп қылмыс орнынан із суытқанымен, кейін полицейлерге өзі беріліпті. Сол арада күдікті туысқанына да телефон шалған. Жан жарын о дүниелік қылғанын да айтып берген. Ал жәбірленуші ретінде отырысқа келген марқұмның інісі отбасылық жанжалдың бұған дейін де болғанын жасырмады.

 

Батырхан Урзабеков, марқұмның інісі:

 

- Алдында әпкемді ұрып-соққан, мұның алдында да сондай жағдайды істемекші болған. Әпкем маған айтты: «бір мәрте мені қылқындырып өлтіргісі келді» деген болатын.

 

Ал Урзабекова Қаракөздің ағасы Асқар күйеубаласының жазасын жеңілдетуге жасаған қитұрқы әрекетін жайып салды. Оның сөзінше, Сапарбектің құжаттарында «психикалық ауытқуы бар» деген анықтама көрсетіпті. «Ол – жалған» дейді.

 

Асқар Урзабеков, марқұмның ағасы:

 

- Сәл жеңіл болады деп істеген ғой. Мен бұны байқап қалдым. Байқамағанда, психикалық ауруымен ауырады деп іс бітіп кететін еді. Оны кейін дәлелдей алмаймыз. Мен адал, қатаң түрде өз жазасын алсын деймін.

 

Еске салып өтейік, алтыншы қазан күні үстіне бензин құйып, денесінің 75 пайызы жанып кеткен әйел төрт тәуліктен соң көз жұмды.

 

Уақытша қамауда отырған алты балалы әке Сапарбек Өмірбеков «аса қатыгездікпен адам өлтірді» деп айыпталып отыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабымен сотталушы 15 жылға дейін жаза арқалауы мүмкін. Қоғамның үрейін туғызған іс қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралуда.

 

Ендігі сот жарыссөзі 11 наурыз күні өтеді. Ол кезде сотталушының өз нұсқасы тыңдалады.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 147    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 08:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31