Бахрейнде қазақстандық қыздарды жыныстық құлдыққа сатқан үдікті ұсталды

20 ақпан 2022, 08:43

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 жылы туған Қазақстан азаматын экстрадициялады.

 

Ол Бахрейн Корольдігінде Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматшасын жыныстық құлдыққа сатты деген күдікке ілінді.

 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

 

Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.

 

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

Айта кету керек, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адамдар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 

 

 

sputnik.kz