Қылмыс

«Бақытты отбасымен» несие алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Күдіктіге 2 млн теңге жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«24 жастағы жұмыссыз шығысқазақстандық тұрғын «Халық банк» АҚ клиенттерінің банк карталарынан 2 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. 2018 жылдың басынан бері ол әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Инстаграм), «ОLX» онлайн-хабарландыру алаңында екінші деңгейлі банктерден, сондай-ақ, «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы арқылы несие алуға көмектесетіні туралы хабарлама таратқан. Осыдан кейін әлеуметтік инженерияны пайдалана отырып, ол адамдардың реквизиттерін (шот нөмірі, банк карталарының нөмірі, анкеталық мәліметір, ЖСН, СМС-кодтар) пайдаланған», - делінген департаменттің хабарламасында.


Тергеу нұсқасына сәйкес, түскен қаражатты күдікті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында қолма-қол шығарып отырған. Оның қазір 7 іске қатысы бары тергелуде. Көбінесе оның құрығына Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің азаматтары ілінген.


Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


 




 




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 19:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31