Қылмыс

Балабақша тәрбиешісі әріптесінің атынан 4 мәрте онлайн-несие рәсімдеген

  • © volgograd-trv.ru

    © volgograd-trv.ru

Нұр-Сұлтанда әріптесін алдап, оның атына онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында 26 жастағы бойжеткеннің әріптесінің атынан шағын неси ұйымдары арқылы 4 мәрте онлайн-несие рәсімдегені анықталған.

 

Ал ақшаны алу үшін өзінің картасы бұғатталып қалғанын айтып, жәбірленушіден аударым жасау үшін карта нөмірін көрсетуін өтінген. Ештеңеден сезіктенбеген әріптесі несие арқылы түскен ақшаны картасынан шешіп алып, оны күдіктіге берген.

 

"Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала үйымдастырғаны анықталды. Кездесу барысында ол әйелдің ұялы телефоны арқылы жеке куәліктің суреті мен банк шотына қол жеткізген. Басқа біреудің деректерін пайдаланған күдікті онлайн-несие рәсімдеген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Полицияның дерегінше, бойжеткен бұған дейін де осыған ұқсас қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 

Осы орайда полиция қызметкерлері азаматтарға аса сақ болып, бөтен адамдарға банк картасының реквизиттері мен құпиясөз жазылған хабарламаларды айтпау керектігін тағы еске салды.

 

.

 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 18:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31