Қылмыс

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

  • Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

    Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі

Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары.




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30