Баласын 1 миллион теңгеге сатқан келіншек 6 жылға сотталды

20 қазан 2020, 19:51

11 қаңтарда өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өзінің бір жастағы баласын 1 000 000 теңгеге бағалап, сату кезінде 1993 жылы туған ана ұсталды.

Шымкент полицейлері кәмелетке толмаған баланы сату фактісінің жолын кесті, көкек ана алты жылға сотталды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне жас ананың кәмелетке толмаған баласын сату туралы ұсынысы бар екені туралы жедел ақпарат келіп түскен.

11 қаңтарда  өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өзінің бір жастағы баласын 1 000 000 теңгеге бағалап, сату кезінде 1993 жылы туған ана ұсталды.
Ол мұндай шешімге ақша тапшылығына байланысты бел буғанын жеткізді және одан баланы сатқаны үшін алған қаражаты тәркіленді.

aikyn.kz