Баласына алимент төлеуден қашып жүрген Ертіс тұрғыны Жамбыл облысында ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
«Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 155 адамды анықтады. Мәселен, 2022 жылғы 16 қыркүйекте Ертіс ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың пайдасына алимент төлеуден жалтарған 28 жастағы ер адамның тұрған жерін анықтады. Қашқын әке Жамбыл облысының аумағында анықталды. Көші-қон қызметі сот орындаушысына келу туралы түсініктеме мен міндеттемені жіберді», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша балаларына алимент төлемеген 29 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының тәртіп сақшылары прокуратурамен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және әділет департаментімен өзара іс-қимыл кезінде тек Павлодар облысы бойынша мамандандырылған айыппұл тұрағына иелері алимент төлемеген 13 автокөлік құралын қойды.