Қылмыс

Балқашта көлігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі салып алған мас жүргізуші ұсталды

  • Балқашта көлігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі салып алған мас жүргізуші ұсталды

    Балқашта көлігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі салып алған мас жүргізуші ұсталды

Балқаш қаласының полицейлері қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдап келе жатқан мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

29 қазан таңғы 05.00 шамасында Балқаш қаласы полиция бөлімінің патруль полиция қызметкерлері «Алматы - Ектеринбург» тасжолында мемлекеттік нөмірі жоқ «Тойота Ланд Крузер» автокөлігіне назар аударды.

Полицейлер машинаны тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші заңды талаптарға көнбеді. Қашқан машинаны полицейлер ұстады.

«Көліктің рөлінде Алматы қаласының 37 жастағы тұрғыны болған. Одан спирттік ішімдіктің иісі бұрқырап шығып тұрды. Полицейлер көліктің ішінен атыс қаруы және оған керек оқ-дәрі, металлдан жасалған таяқ тәркіледі. Куәландіру кезінде жүргізушінің алкогольдік мас болғаны анықталды» деп жазады полиция департаменті Instagram парақшасында.

Қазақстан Республикасының ҚК 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Одан басқа, құқық бұзушы көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 21:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31