Қылмыс

Балқашта төрт полицей педофилді азаптағаны үшін сотталды

  • Балқашта төрт полицей педофилді азаптағаны үшін сотталды

    Балқашта төрт полицей педофилді азаптағаны үшін сотталды

Балқашта педофилді азаптаған төрт полицей сотталды. Олар 9 және 10 жылға сотталып, атағынан айырылды.
Балқаш қалалық сотында жергілікті криминалдық полицияның бастығы мен оның үш қызметкеріне қатысты үкім шығарылды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне әкеп соққан азаптау» бойынша айып тағылған.
Бұл істе жәбірленуші – педофилия үшін сотталған 44 жастағы Балқаш тұрғыны. Тергеу мәліметі бойынша, ол 2019 жылдың қазанында күзетшілер тарапынан жәбір көрген. Сол кезде ол қылмыстық іске күдікті болған. Ол жергілікті полиция бөлімі ғимаратында азапталған.
«Төрт айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Бұл іс бойынша жиналған дәлелдемелер, сараптама нәтижелері мен жәбірленушінің айғақтары расталады. Сот айыпталушылардың екеуіне 9 жылға, тағы екеуіне 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді, сонымен қатар олар үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атағынан айырылады: отставкадағы полиция подполковнигі, майор, аға лейтенант және полиция лейтенанты», – деді судья Бақтияр Аханов.
Сотталушылар кінәсін мойындамады. Сот үкімі жарияланғаннан кейін олар үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

aikyn.k




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 15:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31