Қылмыс

"Бәрі жала": желіде тараған аудиодағы дауыстың кімдікі екені белгілі болды

  • "Бәрі жала": желіде тараған аудиодағы дауыстың кімдікі екені белгілі болды

Алматыда бөлім басшысы қарамағындағылардан ақша жинап, балағат сөз айтқан. Онымен қоймай, қарамағындағыларға жұдырық алып жүгіретін көрінеді  

Қарамағындағыларды балағаттап, ақша бопсалайтын тағы бір шенеунік пайда болды. Әлеуметтік желіде Алматы әкімдігіндегі экология бөлімінің басшысы Қайрат Тоқтасыновтың дауысына ұқсас аудио хабарлама жарияланды.

Қаладағы экологтар басшының дауысын танығандарын айтады.

"Нұрсұлтан деген жігіттің әжесі қайтыс болып бір күн жұмысқа келмегені үшін осындай айқай-шу шығарған... Осы 1 желтоқсанға қарсы бізге 60-70 мыңнан сыйақы берді. Сол кезде қоластында істейтін жігітке "бар да, аналардан 10 мыңнан жинап алып кел" депті. Осы кісі жұмысқа келгелі бері ақша жинаумен келе жатыр", - дейді Әуезов ауданының бас экологы Ғалия Төлегенова.

Қызметкерлердің айтуынша, Қайрат Тоқтасынов балағаттап қана қоймай, қарамағындағыларға жұдырық алып жүгіретін көрінеді. Бөлім бастығы аудиодағы дауыс өзінікі екенін мойындады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

"Иә, ол менің дауысым. Бәрі жала, оларды мен әлі сотқа беремін. Бір ғана мәселе бар, осы менің орныма таласқалы төрт жыл болды. Мен тазамын. Қазір біреуді ұратын заман ба?", - дейді Алматы қаласы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің басшысы Қайрат Тоқтасынов.
Қалай болғанымен басшыға шағымданып 15 эколог арыз жазған. Бұл дауға қатысты әкімдікте қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Қызметтік тергеу аясында Қайрат Тоқтасыновтан түсініктеме алынған. Қазіргі уақытта аталған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің қызметкерлерінен жазбаша түсініктемелер толық құрамда жиналып жатыр.

Тергеу барысы туралы шенеуніктер ашып айтпады. Ал нәтижесі келесі аптада жариялануы тиіс.

sputnik.kz




Көрілген: 978    Пікірлер: 0

сенбі, 12.12.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31