Қылмыс

Бас прокуратура Болат Бақауовқа қатысты іске түсінік берді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты іске түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокурордың өкілеттігі Конституциямен және басқа да заңмен реттелген. Сотта прокурор өзінің қорытындысын жариялады, сол қорытындыға сәйкес терегу соты ол күдіктіні (Б.Бақауовты) екі ай қамау мерзіміне алды. Тергеу шаралары бақылауда тұр», - деді Марат Ахметжанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Еске салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Б.Бақауовқа қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Кейін, Павлодардың мамандандырылған тергеу соты оны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады.

Болат Бақауовқа Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 362 бабы 4-бөлігі үшінші пункті бойынша қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. Аталмыш баптар өзіне және өзге азаматтар мен ұйым үшін пайда табу мақсатында қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дегенді білдіреді.

 




Көрілген: 767    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.01.2020, 16:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29