Қылмыс

"Басқа банк картасынан ақша жіберіп, қайтаруыңды сұрайды". Астаналықтар алаяқтықтың жаңа түрін айтты

  • "Басқа банк картасынан ақша жіберіп, қайтаруыңды сұрайды". Астаналықтар алаяқтықтың жаңа түрін айтты

Астаналықтар алаяқтықтың жаңа түріне тап болды. Қандай да бір адамның дербес деректерін білген алаяқ оның атынан микрокредиттік ұйымдардан несие рәсімдейді де, ақшасымен қоса жоғалып кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осындай алаяқтарға Instagram қолданушысы шағымданды. @Zhaloby_astana тобында ол белгісіз бір қыз хабарландыру сайтында одан тауар сатып алғанын айтқан. Ақшаны басқа банктен картасына жіберген (осылайша ақша жіберушінің аты көрінбейді).

"Сол күні түнде SMS жазады, күйеуі қателесіп маған ақша аударғанын айтып, қайта жіберуімді сұрайды. Шынымен басқа банктің картасынан 100 мың теңге түсті. Мен ақшасын қайта аударып жібердім. Содан кейін мен бұл туралы ұмытып кеттім, екі айдан соң коллекторлық компаниядан қоңырау шалып, қарыз қайтаруымды сұрады. Ол менің атымнан қандай да бір жолмен шағын несие аған", - дейді парақша жазылушысы.

Қыз полицейлерден көмек сұрағанын айтты, бірақ олар осындай мыңдаған адам бар екенін және алаяқ әлі бостандықта жүргенін хабарлаған.

"Мен оның мекен-жайын өзім тауып, қайда тұратынын және не істейтінін біліп алдым. Алты баласы бар, ең кішісі әлі нәресте. Сөзім жоқ...", - деп қосты желі қолданушысы.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік беруге уәде етті.




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30