Қылмыс

Батыс Қазақстанда екі алаяқ әйел жүзден астам адамды алдап соққан

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында әйел адам екінші деңгейлі банктерде онлайн несие рәсімдеген. Салдарынан 70 адам зардап шеккен. Келтірілген шығын 21 млн теңге. Бұл туралы өңірдегі прокуратура хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Анықталғандай, келіншек несиені өзгенің мүлкін кепілге қойып алған.

 

"Прокуратураның нұсқауы бойынша күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Іс аяқталуға жақын", - деді БҚО прокуроры Жандос Өміралиев.

 

Қадағалау органының басшысы аймақта алаяқтық жиі жасалатын қылмыс түрі екенін хабарлады. Соңғы бір жылда қылмыстың мұндай түрі 88 пайызға өскен (592 -ден 863 -ке дейін). Киберқылмыскерлер алдаудың жаңа схемасын ойлап табуда.

 

"Адамдар жылжымайтын мүлікті төмен бағамен алуға көндірген алаяқтардың құрбаны болады. Тағы бір күдікті Батыс Қазақстан және Атырау облыстары тұрғындарының сеніміне кірген. Әйел оларға Орал, Ақтау және Ақтөбе қалаларында пәтерлер мен жер телімдерін алуға көмек көрсетуге уәде берді.

Өз әрекетінің заңдылығын көрсету үшін қаскөй адамдарға жалған кілттер беріп, оларды тез арада пәтер алуға көндірді. Ақшаны алғаннан кейін әйел телефондарын сөндіріп, жасырынған. Тергеу барысында 32 адам жәбірленуші деп танылып, келтірілген шығын 25 млн теңге екені белгілі болды", - деді Жандос Өміралиев.

 

Прокуратура өкілдері азаматтарды мұқият болуға және алаяқтарға алданбауға шақырады.

 

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31