Қылмыс

Батыс Қазақстанда мектеп оқушысының зорлануына қатысты директор күдікке ілінді

  • Батыс Қазақстанда мектеп оқушысының зорлануына қатысты директор күдікке ілінді

    Батыс Қазақстанда мектеп оқушысының зорлануына қатысты директор күдікке ілінді

Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, директордың кінәсі дәлелденсе, алты жылға темір торға қамалуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында адам аузы бармайтын қылмысты құзырлы органдардан жасырып қалды деген күдікпен мектеп директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Осы өңірдегі Жаңақала ауданының тұрғыны он жастағы өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген. Бірақ қорғансыздың күнін кешкен періштеге ара түсуге ешкім асықпаған көрінеді. Енді олар осы салғырттығы үшін жауапқа тартылып жатыр.

Мектеп директорына тағылған айыппен қорғаушысы келіспейді. Өйткені қыздың жәбірленгенін алдымен ата-анасы әлде туыстары хабарлауы керек екен. Ал мектеп ұжымының олардан бұрын полицияға шағынуы міндетті емес, дейді қорғаушы.

"Біздің қорғауымыздағы директор мен прокурордың арасындағы ашу-араздыққа байланысты іс насырға шауып жатыр. Намысы тапталған прокурор Лариса Тұраровнаға солай айтып тұр ғой: "Мен сені жұмыстан шығартып, соттатамын", деп. Туған шешесі "параноидальный шизофреник" деген белгімен есепте тұр. Бір баласының ақыл-есі кеміс, үш баласын үш еркектен туғаны туралы мәлімет бар", – дейді Айсұлу Биялиева.

Мұндай уәжді заңгерлер де құптап отыр. Өйткені қылмыс мектептен тыс жерде жасалған. Сондықтан ұстаздарды бұған кінәлаудың қисыны жоқ.  

"Бұл іске оқытушылар мен директордың қандай қатысы бар? Егер осы оқиға мектепте болып, олар жасырып қалса, бір сәрі. Сондықтан бұған ең алдымен ата-анасы мен туысқандары жауапты. Егер құзырлы органдар тергеуді осылай біржақты жүргізетін болса, онда психологтар бастаған мектептің бүкіл қызметкерін жабу керек сияқты", – дейді "Адам құқықтарын қорғау жөніндегі" Қазақстан халықаралық бюросының БҚО филиалының директоры Павел Кочетков.
Өгей қызғына озбырлық жасаған жігіт былтыр 22 жылға сотталып кетті. Енді полиция қылмысты жасырып қалды деген күдікпен мектеп директорына іс қозғады.

"Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті тарапынан бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда іс сотқа жолданған. Азаматша облыс аумағынан шықпау бойынша қолхатпен таңда үйінде отыр", – дейді облыстық полиция департаментінің өкілі Мөлдір Садырғалиева.

Елді дүрліктірген қылмыстың беті ашылған соң, мектептегі басқа қызметкерлер де жазасыз қалмапты. Мектеп психологы мен интернат меңгерушісі, әлеуметтік педагог секілді мамандар қатаң сөгіс арқалаған.

Ал директордың кінәсі дәлелденсе, алты жылға темір торға қамалуы мүмкін.

sputnik.kz




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 10:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31