Қылмыс

Беделді азаматтың баласы алдап соқты: 257 млн теңгесінен айырылған арудың жан айқайы

  • Көрнекі фото.  https://shutniki.club/

    Көрнекі фото. https://shutniki.club/

Мұндай жағдай кинода ғана емес, шынайы өмірде де көптеп кездеседі. Осындай шытырманды бастан кешірген алматылық Алтынайдың бүгінгі халі жылатпаса, қуантпайтыны сөзсіз деп хабарлайды nege.kz.

 

Халықаралық компанияда 25 жылдай қызмет атқарып, жиған тергені бір күнде алаяққа жем болған келіншектің  дәл қазір хостельді паналап, сот табалдырығын тоздырудан басқа амалы қалмаған.

 

8 жылдан бері сеніміне енген Олжас атты досының 257 миллионды қолды қылып, жалған келісімшарттармен алдап кеткенін айтып шырылдаған Алтынайдың өткенге өкінгеннен басқа амалы қалмағандай.

 

Қырғызстаннан картоп өнімін әкеліп ірі сауда орындарына тарату арқылы қомақты табыс табуға шақырып, алдаған күдікті  Олжас бүгінгі күні қамауға алынған.

 

Алайда, тергеу ісінің баяу жүріп жатқаны, ешқандай мүлкінің бұғатталмауы жәбірленушінің өзін де,  адвокатын да алаңдататынын айтуда.

 

«Күдіктінің әкесі белді азаматтардың бірі болғандықтан, Олжаспен де арадағы сегіз жылдық таныстығымызға сеніп ақшаны еш ойланбастан қолына ұстатып едім», – дейді Алтынай.

 

Өмірлік жиғаным мен екі пәтерімнің ақшасы далаға кетті деп жан ұшырған келіншектің  бар өмірі сот орындаушылары мен тергеушілердің қолында десек артық айтқандық болмас. Материалдық шығыны өтеліп, алаяқ тиісті жазасын алса, жапа шеккен Алтынайдың да көңілі орнына түсер еді.

 

Айта кетейік, Олжас Сыдықов 25 жыл Сенат аппаратында басшылық қызмет атқарған, қазіргі Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың жалғыз ұлы. Жәбірленуші тергеу жұмыстарының дұрыс жүрмегенін әкесінің тікелей ықпалымен байланыстырады.




Көрілген: 815    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 18:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31