Қылмыс

Белгілі журналист Арман Шораев қамауға алынды

  • Фото: Sputnik Казахстан

    Фото: Sputnik Казахстан

Белгілі журналист әрі қоғам қайраткері, «Қазақстан барысы»қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Арман Шораевқа қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлігі бойынша Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

 

«Азамат А.Т. Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет біле тұра шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар таратқан. Ол өз іс-әрекеті арқылы төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру қаупін туғызды», - делінген ПД хабарламасында.

 

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының аумағында Арман Шораев Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

 

Айта кетсек, Арман Шораев - ҚР Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.

 




Көрілген: 893    Пікірлер: 0

сенбі, 18.04.2020, 20:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31