Алматы облысының Іле ауданында әлдекімдер ауыл иттерін қырып кетті. Куәгерлердің айтуынша, қару асынып, иттерге "аңшылық құрғандар" сол күйі табылмады.
Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.
Видеодан мылтық асынған ер адамның итті атып тастап, көлік жаққа қарай кетіп бара жатқанын көруге болады.
Сағат 15:00 шамасында Іле ауданынан мылтықтың дауысы естілді. Бұл кезде балаларымыз көшеде жүрген болатын, — дейді видео авторы.
Куәгерлер "аңшыларды" "Хонда Одиссей" маркалы көлігімен жүргенін көрген. Бұл туралы полицияға хабар берген, алайда олар сол күйі табылмады.
Осы уақытқа дейін олар табылмады, жауапқа тартылған жоқ. Алматы облыстық полиция департаментінің басшылығына қояр сұрағым бар. Біздің аудан тұрғындары мен жануарларының қауіпсіздігі қалай қорғалмақ, — дейді автор.
Бейнежазба авторы осы оқиғаға байланысты қорғау органдарынан Алматы облысы Іле ауданының шенеуніктерін жауапқа тартуды сұрайды.