Қылмыс

Бетперде сатып байымақ болғандар айыппұлдан қорықпайды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

 

Төтенше жағдайда Қаржы мониторингі комитеті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық маскалар мен антисептикалық препараттарды сату кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтады.

 

Комитеттің Түркістан және Маңғыстау облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 1 452 500 теңгеге 9350 дана медициналық маска, 770 000 теңге сомасына 700 антисептик (көлемі 100 мл.) тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны ҚР АҚК 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Ақтау қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігіне сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

 

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы хаттамасының 8-тармағына сәйкес тәркіленген медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне жауапты сақтауға тапсырылды.

 

baq.kz




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31