Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бишімбаев қала сыртындағы атышулы үйдің қожайыны кім екенін айтып берді

08 қаңтар 2018, 18:10

Қуандық Бишімбаев ел талқысына түскен қала сыртындағы үйдің қожайыны кім екенін айтып берді. Экс-министрдің сөзіне сенсек, үй бес адамның қаражатына салынған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл нысан менің, Б. Жақсыбаевтың, С. Нұрлыбектің, Арыстан Бабағұловтың, Асқар Достияровтың және Ринат Сисембаевтың ортақ қаражатына салынған", - дейді сотталушы.

Ол бәріне ортақ монша салуды "Байтерек DEVELOPMENT" басқармасының экс-басшысы Бақыт Жақсыбаев ұсынғанын және өзгелер бұл ұсынысты қолдағанын алға тартты.

"Арыстан сол кезде Қосшыда үш учаскесі барын және олардың бірін құрылыс алаңы ретінде таңдау үшін Бақытқа көрсете алатынын айтты. Бәрі өзінің жеке қаражатына құрылысқа ақша құяды деп келістік. Бақыт Жақсыбаев жобаны егжей-тегжейіне дейін жүзеге асыруды, құрылысшыны тауып, желілердің бар-жоқтығын тексеруді өз қолына алды", - дейді Бишімбаев.

Оның сөзіне сенсек, 2015 жылдың маусымында Жақсыбаев бәріне жобаны көрсетіп, талқыға салған. Бишімбаев, Достияров пен Сисембаев жобаны толықтырған екен.

"Маусымның аяғында Бақыт маған жобаның соңғы нұсқасын алып келіп, құны 293 мың доллар болатынын айтты", - дейді сотталушы.

Бишімбаевтың мәліметіне сәйкес, қаражатты жинау Жақсыбаевтың ұсынысымен Сисембаевтың құзырына берілген.

Келісімшартқа 18 тамыз күні қол қойылып, құрылысқа 89,5 мың доллар сол күні құйылады (ол кезде доллар бағамы 186 теңгені құраған).

Бұл соманы Бишімбаев өз қалтасынан төлегенін айтуда. Ол қаражатты жеке табысынан және анасының "Пряник" атты мейрамханасының табысынан жинағанын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Ринат Сисембаев сотта Астанадағы жекежай Қуандық Бишімбаевқа тиесілі екенін мәлімдеген болатын.