Қылмыс

БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

  • БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    БҚО-да әйелі мен екі қызын өлтірген тұрғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды

 ҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Серік Қапизовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған соттың баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, С.Қапизовқа ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарына сәйкес айыптау үкімі шығарылды. Сот талқысында белгілі болғанындай, биылғы наурыз айында жұбайы Ж-ға жеңіл дәрежеде дене жарақатын келтіргені үшін Қапизов қамауға алынған. Осы кезде Ж. некені бұзу туралы талап-арыз берген. Биылғы 9 сәуірде С.Қапизов әйелі тұратын үйдің есігін бұзып кіріп, бензин шашып, от қойған. Соның салдарынан Ж. мен оның екі қызы қаза тапқан. Үй иесіне 3 млн теңге залал келтірілген. Сотталушы адамдарды, соның ішінде жас балаларды аса қатыгездікпен өлтіргені және мүлікті қасақана жойғаны үшін айыпты деп танылды. Оның кінәсі куәлардың айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Осылайша С.Қапизов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, соның ішінде алғашқы бес жылын қауіпсіздігі толық мекемеде өтейді. Сот үкімі күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үйдегі өрт орнынан әйел мен оның екі қызының мүрдесі табылғанын, кейін оларды өлтірген тұрғынның қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 18:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30