Қылмыс

БҚО-да ерлі-зайыптыларды өлтіргендерге үкім шықты

  • Тульская пресса

    Тульская пресса

Батыс Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды өлтірген тұрғындарға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, А.Черняков пен В.Колыванов айыпты деп танылды.

 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Черняков 23, сыбайласы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

 

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмысты ашу жөніндегі бөлім бастығы, полиция подполковнигі Руслан Усиевтің айтуынша, 3 сәуір күні Бәйтерек ауданы полиция бөліміне өртеніп кеткен Volkswagen Jetta автокөлігінің табылғаны жөнінде хабар түскен.

 

Тексеру барысында автокөліктің Үлкен Шаған ауылының тұрғыны Павел Чирковқа тиесілі екендігі, оның азаматтық некеде тұратын әйелі Ирина Ханмен бірге жоғалып кеткені белгілі болды.

 

Кейін жедел іздестіру шаралары мен бірқатар сараптамалар нәтижесінде В.Колыванов пен А.Черняков ұсталды.

 

Олардың жауабына қарағанда, 26 наурыз күні Колесов ауылында А.Черняковтің әкесінің үйінде болған. Содан кейін П.Чирков, И.Ханмен араларында ұрыс-керіс туындап, ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан. Сосын жәбірленушілерді ес-түссіз халде П.Чирковтың автокөлігімен Шағанның жағасына апарып, күрекпен ұруын жалғастырған. Өлгендеріне көздері жеткеннен кейін оларды көміп тастап, автокөлікті өртеп жіберген.

 

Р.Усиевтің сөзіне қарағанда, биылғы тоғыз айда өңірде 23 кісі өлтіру дерегі тіркеліп, соның 22-сі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған. Ашылу деңгейі 91,7 пайызды құрап отыр.

 

Еске сала кетейік, сәуір айында осы қылмыс бойынша БҚО-да екі адамды өлтірді деген күдікпен 2 тұрғын ұсталып, кейін олардың қамауға алынғанын жазған болатынбыз.




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30