Қылмыс

БҚО-да жаппай төбелесте пышақталған үш жігіт ауыр жағдайда жатыр

  • БҚО-да жаппай төбелесте пышақталған үш жігіт ауыр жағдайда жатыр

    БҚО-да жаппай төбелесте пышақталған үш жігіт ауыр жағдайда жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандардың үшеуіне де ота жасалған.

Ақсай қаласында жастар жаппай төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні орын алды. Сағат 08.10 шамасында Бөрлі аудандық орталық ауруханасына 1994, 1997 және 1997 жылғы жастар пышақ жарақатымен жеткізілген.

Осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 1996, 1997, 1996 және 2001 жылғы тұрғындары ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 106-бабы, 2-бөлігіне (екi немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандардың үшеуіне де ота жасалған. Жағдайлары өзгеріссіз, бірқалыпты, ауыр.

 

 




Көрілген: 893    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 21:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30