Қылмыс

БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің бастығын әріптестері өлімші етіп сабап тастады

  • БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің бастығын әріптестері өлімші етіп сабап тастады

    БҚО-да өрт сөндіру бөлімінің бастығын әріптестері өлімші етіп сабап тастады

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында № 27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев ұрып-соғу кезінде алған жарақаттарынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 25 наурызда болды. Бауыры Руслан Нұрғалиевтің айтуынша, Ақанды кешкі сағат 11 шамасында әріптестері жұмысқа шақырған.

 
"Оны не үшін шақырғанын білмеймін.  Өрт сөндіру бөлімінде екі өрт сөндірушіден басқа тағы екі бөтен адам болған. Олар мас еді. Мен қандай жанжал шыққанын, кім кімді ұрғанын білмеймін, бірақ менің бауырымды қатты ұрған. Өрт сөндіру бөлімінде айғақтарды жасыру үшін камераларды сындырған. Келесі күні ағамды басқа бауырыма тиесілі сарайдан тапты, олардың үйі ауылдың шетінде орналасқан. Келінім таңертең шығып, біреудің сарайда жатқанын көрген. Ол менің інімді таныған. Бұл туралы бізге дереу хабарлап, жедел жәрдем шақырды. Ол бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол 27 наурызда таңғы 5-те қайтыс болды. Үш бала жетім қалды", - деді Руслан Нұрғалиев.

Ер адам тергеу амалдары жүргізілген кезде маңызды сәттер жіберіліп, қылмыскерлер бостандықта қалады деп алаңдайды.

"Олар оны өлімші етіп ұрып, сарайға лақтырды. Ағамды өлтіргендер заң бойынша жазалануы керек. Оқиғаға өлген бауырымды кінәлі қыла ма деп қорқамын", - деді туысы.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабы - "Денсаулыққа қасақанан ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр. Бір адам күдікке ілінген.

"2021 жылы 25 наурызда сағат 23:00 шамасында Қарауылтөбе ауылының тұрғындары 1992 жылы туған Н. мен М. арасында жанжал туып, ұрыс басталды. 2021 жылдың 26 наурызында сағат 08:30 шамасында азамат Н. ағасының үйінің жазғы сарайынан ес-түссіз күйде табылды және жедел жәрдем көлігімен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 2021 жылғы 27 наурызда сағат 05:46-да Ақжайық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінен оның жарақаттан қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші Н. көз жұмуына байланысты іс ҚР ҚК 106 - бабы, 3-бөлігіне қайта сараланды. Ал күдікті М.қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп түсіндірді ведомствода.




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 09:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31