Қылмыс

БҚО-да сәбиін өзгеге заңсыз берген ананың үстінен тергеу жүріп жатыр

  • БҚО-да сәбиін өзгеге заңсыз берген ананың үстінен тергеу жүріп жатыр

    БҚО-да сәбиін өзгеге заңсыз берген ананың үстінен тергеу жүріп жатыр

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында жаңа туған сәбиін ерлі-зайыптыларға заңсыз берген әйелдің үстінен тергеу басталды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның ақпарат алаңында осындай ақпарат айтты. «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында адамды жұмысқа салу үшін бас бостандығынан заңсыз айырудың 1 фактісі, 3 адам сату фактісі, кәмелетке толмағандарды сатудың 7 фактісі белгілі болды. Жезөкшелікке тартудың 16 фактісі әшкереленді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды осындай іске тартудың 3 оқиғасы тіркелді. Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық қызмет ұйымдастырудың 47 фактісі белгілі болды. Бұдан бөлек жөзекшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатынын біле тұрып, ғимарат ұсыну бойынша 22 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді», - деді ІІМ өкілі. Оның айтуынша, қоғамдық орында тиісу фактісі бойынша 400-ден астам әкімшілік қаулы толтырылған. «Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелдің тамыз айында жаңа туған нәрестесін келісім бойынша ерлі-зайыптыларға асырау үшін бергенін анықтады. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов.
ҚазАқпарат




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 12:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31