БҚО-да ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

21 қыркүйек 2022, 09:23

Оралда ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Басылым мәліметінше, оқиға осы жылдың 18 қыркүйегінде болған.

"Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі ер адам ішімдік ішіп отырған. Бірлескен отырыс кезінде олардың арасында жанжал туындап, 37 жастағы ер азамат қолына үшкір зат алып, 38 жастағы азаматтың денесіне зақым келтірген. Екеуара жанжалдың соңы өлімге әкеп соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

massaget.kz