Қылмыс

БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесі қамауға алынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай талабын бұзған 8 мейрамхана иесі қамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, барлығы 13 әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде үш кәсіпкерге айыппұл салынса, 8-і қамаққа алынды. Тағы екі іс қаралу үстінде.

 

Мысалы, Орал қаласында «Көркем» мейрамханасы 19 наурыз күні сағат 22.00-ден кейін қызметін тоқтатпаған. Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 476-бабы 6-тармағына сәйкес мейрамхана иесі 10 тәулікке қамалды.

Осындай «қызметі» үшін Оралдағы «Мистер Донер» кафесі, «Пифкoff» сыра бары, Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы «Арман» кафесі иелері де 10 тәулікке қамаққа алынды.

Осы ауылдағы «Смайл» кафесінің иесіне 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы кесілді. Бәйтерек ауданы Мичурин ауылындағы «Кемпинг Евразия» кафесінің иесі 13 тәулікке қамалды. Оралдағы «Светлана» кафесінің иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы «Думан» кафесінде 23 наурыз күні 70-дей адам қатысқан қаралы жиын болған.

Бұл кафе иесіне де 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Ал Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы «Ғайса» мейрамханасында 160 адам қатысқан салтанатты шара өткен.

Жаңақала аудандық сотының қаулысымен бұл мейрамхана иесі 3 тәулікке қамалды. БҚО сотының баспасөз қызметі қаулының заңды күшіне енбегенін жеткізді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 22 мың масканы алып кетіп бара жатқан ресейлік ұсталғанын, 148 адамның медициналық бақылауға алынғанын жазған болатынбыз.

 




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31