БҚО тұрғындары қаржы пирамидасына 120 млн салған

23 мамыр 2023, 09:58

Күдікті азамат ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастырған күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық депаратменті тергеп жатыр, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

 

Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңге. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікті азамат ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

 

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз, - делінген хабарламада.

 

Еске салайық, Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз.

 

Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.