Қылмыс

БҚО тұрғыны адам өлімін жасыру үшін адам сенгісіз әрекетке барған

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

БҚО тұрғыны адам өліміне қатысты қылмысты жасыру мақсатында өз көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды   Oinet.kz тілшісі.
 

БҚО полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов Аблазимовтың айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ВАЗ 2112 автокөлігінің жүргізушісі Орал - Желаево автожолымен келе жатып, 63 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол зардап шегушіге көмек көрсетудің орнына жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Ер адамды қалалық көп салалы аурухананың жарақат бөліміне жеткізген, алайда алған жарақатынан есіне келместен көз жұмған.

 

Жүргізушіні бірден табу мүмкін болмады. Жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты біліп, ол көлігін өртеп жіберген.

 

Желаево ауылының карьерлер ауданындағы орман алқабында ВАЗ 2112 маркалы жанып кеткен көлік құралы табылды.

 

"Аталған факт ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" және ҚР ҚК 347 - бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша СДТБТ-да тіркелген", - деп хабарлады Махсудхан Аблазимов.

 

Өз көлігін өртеп жіберген БҚО-ның 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды және іс сотқа берілді.

 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31