Қылмыс

Блок-бекеттегі апат: Бұрынғы полиция қызметкері басқа баппен сотталатын болды

  • © Сурет : Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

    © Сурет : Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Қарасай ауданында 25 мамырда болған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

- 2020 жылдың 25 мамырында А.Т. Азаматовқа қатысты жазатайым оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабының 4-бөлігі (мас күйінде көлік құралын басқарған адамның жол ережесін бұзуы, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырады) бойынша қайта бағаланды. Медициналық тексеру кезінде Азаматовтан "алкогольдік масаңдықтың орташа деңгейі" анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі тараптарды іс материалдарымен таныстыру сатысында тұр, - делінген Алматы облыстық прокуратурасының ресми сауалға берген жауабында.

 

Олар ҚІЖК-нің 47-бабының 8-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруден алынған мәліметтердің құпиялығын сақтау тәртібі ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша айқындалғанын атап өтті.

 

- Осы норма талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді. Оған прокурордың рұқсаты болуы керек, онда да ол егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса ғана жария етіледі, - деді прокуратурадағылар.

 

Айта кетсек, 25 мамырда Алматы облысының Қарасай ауданында мас жүргізуші карантин кезінде қойылған блок-бекетке көлігімен қойып кетті. Алдымен ол бетон қоршауды бұзып, одан соң бар инерциясымен патрульдік көлікті соққан. Онда екі полиция қызметкері болды. Салдарынан 42 жастағы полиция лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, 1994 жылы туған Дастан Әбдіқанов ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Үшінші жәбірленуші, полиция қызметкері 1994 жылғы Ерболат Сейдәзім ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол аман қалды. БМВ жүргізушісі бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов болған. Апатқа дейін ол өз міндеттерін орындамағаны үшін жұмыстан шығарылған.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, яғни "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Тергеуді ҚР ІІМ Тергеу басқармасы жүргізді. 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30