Блокбекеттегі апат: Қос полицейдің өліміне себеп болған күдікті кешірім сұрады

19 қазан 2020, 22:04

 Алматыда блок-бекетті жарып өтіп, қос полицейдің өліміне себеп болған жүргізуші 10 жылға сотталуы мүмкін! Мемлекеттік айыптаушы Азат Азаматовқа осындай жаза сұрады. Экс-полицейді өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыру керек дейді прокурор.

 

Арыстан Әлікенов, прокурор:

 

- Кінәлі деп танып, оған осы баппен көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік бөлімінде өтеуін белгілеуді сұраймын.

 

Мемлекеттік айыптаушы күдіктіден мемлекет пайдасына 5 жарым миллион теңге өндіріп алуды сұрады.

 

Азат Азаматов сот басталғанда-ақ кінәсін мойындаған. Ол сол күні сыра ішкенін, сондықтан апаттың қалай болғанын білмейтінін айтқан.

 

Яғни ауруханаға жеткенде ғана есін жиған көрінеді. Жантүршігерлік жол апатын мамыр айында болды. «БМВ» көлігімен жүйіткіген жүргізуші блок-бекетті жарып өтіп, патрульдік көлікке соғылған. Ауыр соққыдан қызметтік көлікте отырған қос полицей қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға түсті.

 

Ертең тағдыры шешілетін күдіктінің өзі соңғы сөзінде қылмысты қасақана істемегенін айтып кешірім сұрады.

 

Азат Азаматов, айыпталушы:

 

- Екі жігіт жай ғана әріптес болған жоқ, біреуі &ndash аға, біреуі &ndash іні болды маған. Мен бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Мұқағали Мақатаевтың жақсы сөзі бар ғой, «сен сүрініп қалдым деп жатып алма, қайта тұрып жүруге қақың бар» демекші, құрметті сот, мен сүріндім, мен құладым.

 

ktk.kz