Қылмыс

Бойжеткенді зорлаған екі жолсеріктің ісі: Сот кейінге шегерілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Оқиға өткен жылдың күзінде болған. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова Facebook парақшасында жазды.


«26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде отырған ер адамды көреді. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келеді. Купеге оралғанда купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі кірген ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң жолсерік жымысқы іс-әрекетін жүзеге асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған», – деп жазды Дина Смаилова.


Осы оқиғадан кейін бойжеткен күйзеліске түскен. Қылмыстық іс түрлі сараптамалардың қорытындысы бойынша дәлелденген.


Бойжеткен психологтың қабылдауына тұрақты барып тұрады. Ал бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құлманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке қатысты сот отырысы 26 шілдеге шегерілді.


 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31