Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бойжеткеннің алдында сәнді болып көрінгісі келген жігіт аяқ киім дүкеніне ұрлыққа түскен

22 қыркүйек 2022, 15:27

Өскеменде әдемі киінгенді ұнататын азамат қызбен кездесу кезінде ерекше көрінгісі келіп, аяқ киім дүкеніне ұрлыққа түскен. Сәнқұмар қылмыскер шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Alashainasy.kz Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Сотта 31 жастағы ер адам тамыз айының ортасында Өскемендегі ірі сауда орталықтарының біріне барғанын, ол жерде брендті кроссовкаларды ұнатқанын мойындады.

 

Жігіт бұл аяқ киімге ақшасы жетпеген соң, қулыққа баруды ұйғарған. Ол аяқ киімді киіп көріп, кейін ұрлыққа қарсы құрылғыны жұлып алып, қорапқа өзінің ескісін қалдырып, жаңа кроссовкасымен дүкеннен шығып кеткен. 

 

Ол кезде ұрлықты ешкім байқамаған. Бір айдан кейін жігіт қайтадан гардеробын жаңартуды шешіп, сол бутикке қайта келген. Өзінің тәсілін қолданып, аяқ киімін киіп, тағы да сытылып кеткен. Бірақ бұл жолы ол ұсталды. Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларының көмегімен сәнқұмар ұрыны анықтады. 

 

Ол өзін бұл іске қызбен қарым-қатынасы итермелегенін айтты. Сөзінше бойжеткеннің алдында сымбатты да сәнді болып көрінгісі келген. Сот оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыра отырып, 58 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тартылды.