Бір жарым миллион долларға алаяқтық жасаған қазақстандық Германиядан экстрадицияланды

02 желтоқсан 2018, 16:05

Бірінші желтоқсан күні Астанаға Германиядан бір жарым миллион долларға алаяқтық жасаған Хагай Изгияев экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Күдікті 2016 жылдан бері қашып жүрген. Оны қуғындауды талап еткен орган Алматы қаласының полиция департаменті екен

Екі жыл бұрын ер азамат жазасын алмай қашып кеткен, содан кейін оған халықаралық іздеу салынған.

Экстрадицияланған Изгияев Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілген.