Қылмыс

Браконьердің қолынан мерт болған қорықшының сотында адам сенгісіз жайттар айтылды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Ақмола облысында браконьерлердің жолын кеспек болып, солардың қолынан мерт болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты сот басталды. Айыпталушы – 45 жастағы Анатолий Бонякевич.


Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды. Табиғат қорғаушыларға орманда оқ атқан кезде Анатолий Бонякевичтің жанында 13 жасар ұлы болған көрінеді. Сол бала бүгін сотқа куәгер ретінде шақырылды.


Естеріңізде болса, шілде айында алты киікті сұлатып салып ізін жасырмақ болған браконьер соңына түскен инспекторлардан «Нивамен» қашып бара жатып, оларға оқ атқан еді. Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Самат Оспанов ауыр жараланған. Екеуі де – «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері.


Қазір Бонякевич Қылмыстық кодекстің 4 бірдей бабы бойынша айыпталуда. Енді Қаныштың артында қалған төрт баласы мен бауырлары қаскөй «әділ жазасын алса екен» дейді.


Жансая Нұртазинова, марқұмның әпкесі:


- Бұл қайғықасірет біздің отбасымызға оңай тиген жоқ. Мен бауырымнан айрылдым, анам баласынан айырылды, балалар әкесінен айрылды. Нақты қолына қару алып атқан қылмыскер өз жазасын алуы керек. Басқа ешқандай талабым жоқ.


 ktk.kz




Көрілген: 1357    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30