Қылмыс

Браконьерлер Жайық жағасында инспекторларға күш көрсетіп, мотоциклін өртеп жіберді (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Атырау облысында балық қорын заңсыз аулаушылардан қорғайтын инспекторларға белгісіз біреулер қарсылық танытып, мотоциклді өртеп жіберген, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сол оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде кең тарап, 14 сәуірде болғаны айтылған. Белгілі болғандай, Жайық өзенінің жағасында инспекторларға төрт браконьер қарсылық танытқан. Олар өртеп кеткен мотоциклдің жанында аулар мен заңсыз ауланған балықтар шашылып жатыр.

 

«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған видеодағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу) және 379-бабымен (Билік өкіліне бағынбау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» -деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31