Қылмыс

Браконьерлер табиғат қорғау инспекторларына оқ жаудырды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қызылорда облысында браконьерлік айналысқан. Оларды ұстау кезінде екі адам табиғат қорғау инспекторларына оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Әлеуметтік желі беттерінде бұған байланысты бейнежазбалар жарияланған. Олардың бірінде сол аумақта мал бағатынын айтқан азамат бар кінәні өзінің мойнына алатынын айтса, екіншісінде табиғат қорғау инпекторларына оқ атқан екі адам жайында айтылады.

 

«Аталған оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше мәліметтерді айтып берді. Оқиғаға кінәлі екі азамат анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Олардың іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Атап айтқанда, кінәлі екі азамат алдымен 337-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, 380-2 бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапқа тартылады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

 

Ведомство мәліметінще, қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде.

 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді.

 

 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 22:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30