Қылмыс

Бірнеше автокөлікпен келген бұзақылар Кентау тұрғынын үйінде ұрып-соққан

  • https://yandex.ru/

    https://yandex.ru/

Түркістан облысының Кентау қаласында бұзақылар жергілікті тұрғынды үйіне келіп ұрып-соққан, оның туыстары да зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұзақылар үйге және көршілердің ауласына тас лақтырып, содан кейін көліктеріне отырып қашып кеткен.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылдастарынан таяқ жеген жәбірленуші полицияға арызданған. Ол түнгі сағат 01:00 өзін және туыстарын ұрып-соққанын айтып шағымданған.

 

Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы барып, болған жәйттің мән-жайын анықтаған. Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы барысында бір ауылдағы екі көше тұрғындарының арасында түсінбеушілік орын алып, жанжал басталғаны белгілі болған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне белгісіз біреулер бірнеше автокөлікпен келіп, оларға қарай тас лақтырған. Салдарынан жәбірленушінің 3 туысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

 

«Іздестіру нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдіктіні анықтап, ұстады. Оқиғаның анық-қанығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады» делінген хабарламада.

 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30