Қылмыс

Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарды

  • ©Тұрар Қазанғапов

    ©Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Дмитрий Куряченко кеше, 26 наурызда сағат 22:47-де Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартқанын мәлімдеді.

 

"Судья шешімінің себебі белгілі. Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті үй қамауына алу да негізсіз", - деді Куряченко.

 

Айта кетейік, соңғы рет Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін 22 ақпанда ұзартты. Оның қорғаушысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Біртановқа қатысты заңсыз қудалау әрекеттерін тергеуді сұрап өтініш" жібергенін хабарлады.

 

Біртанов 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

 

2020 жылдың қарашасында Дмитрий Куряченко бұрынғы министр үй қамауында екенін айтты. 2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін ақпанның соңына дейін ұзартты.

 

 

 




Көрілген: 260    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 17:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31