Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бішкектік "бандиттер" қазақстандықтың 18 млн теңгесін тартып алған

15 желтоқсан 2022, 18:45

Бішкекте қазақстандықты тонап кеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіден 40 мың доллар (18,7 миллион ​​теңге) алып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бішкек қалалық МІІБ мәліметінше, 10 желтоқсанда Қазақстан азаматы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына 7 желтоқсанда сағат 15:00-де Ботаникалық бақта өзіне шабуыл жасаған белгісіз тұлғаларға шара қолдануды сұрап арызданған. Олар тапаншамен қорқытып, жәбірленушінің 40 мың долларын алып кеткен. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Жедел уәкілдерге қарақшылық шабуылға үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар екені белгілі болды.

 

"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері арнайы жасақ қолдауымен ҰҚТ мүшелері ретінде жедел есепте тұрған күдіктілерді ұстады. Октябрь аудандық соты күдіктілерді екі ай мерзімге Бішкек-1 тергеу изоляторына қамауға алды", - деді милиция өкілдері.

 

Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 5,5 мың доллар мен бес оқ, травматикалық Макаров тапаншасы тәркіленген.