Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

29 наурыз 2019, 23:27

Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды. Алматыда бума-бума ақшамен және қарумен ұсталған жүргізушінің Дастан Шалтабаевқа қатысы болуы мүмкін. Заң бұзғаны үшін ұсталған Тойота Камридің жүк салғышынан доллар, травматикалық тапанша және көлік нөмірлері табылды. Полицияның хабарлауынша, ақша айналымға арналмаған, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Оған қоса темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің көлік айдауға рұқсат беретін куәлігі жоқ екен. Автокөліктің де құжаттары талапқа сай емес болып шықты. Енді ұсталған ер адамның Талдықорған қаласының басшысына қандай қатысы бар екені тексеріліп жатыр. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қазір өз жұмысында. Яғни қызметінен шеттетілген жоқ.
Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы: - Ол кісінің ұлы болуы мүмкін деген мәселе ғой. Сондықтан қызметтік тексеріс рөлде нақты кім отырғанын яғни ұлы ма, басқа ма осыны анықтауы тиіс. Ақшаның да қайдан шыққаны тексеріледі.