Қылмыс

Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

  • Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

    Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды. Алматыда бума-бума ақшамен және қарумен ұсталған жүргізушінің Дастан Шалтабаевқа қатысы болуы мүмкін. Заң бұзғаны үшін ұсталған Тойота Камридің жүк салғышынан доллар, травматикалық тапанша және көлік нөмірлері табылды. Полицияның хабарлауынша, ақша айналымға арналмаған, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Оған қоса темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің көлік айдауға рұқсат беретін куәлігі жоқ екен. Автокөліктің де құжаттары талапқа сай емес болып шықты. Енді ұсталған ер адамның Талдықорған қаласының басшысына қандай қатысы бар екені тексеріліп жатыр. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қазір өз жұмысында. Яғни қызметінен шеттетілген жоқ.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы: - Ол кісінің ұлы болуы мүмкін деген мәселе ғой. Сондықтан қызметтік тексеріс рөлде нақты кім отырғанын яғни ұлы ма, басқа ма осыны анықтауы тиіс. Ақшаның да қайдан шыққаны тексеріледі.




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

жұма, 29.03.2019, 23:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30