Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бурабайда қыз бен жігіт дәл Жұмбақтастың үстінде жыныстық қатынаспен айналысты

12 тамыз 2020, 10:26

Екі жас Бурабайдағы жүздеген демалушылардың алдында жыныстық қатынаспен айналысты.

 

Куәгерлер екі жасты видеоға түсіріп жариялады. Ақмола облысының полициясы қыз бен жігітті іздей бастағанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

 

«Департамент бейнежазбаны зерттеді, аталған адамдарды анықтау шаралары жүргізілуде. Егер бұл жұп анықталса, оларды жауапқа тарту мәселесі әкімшілік заңнама аясында шешілетін болады», - деді Ақмола облысы бойынша ДП ресми өкілі Гүлнар Пинчук.

 

Осыған ұқсас оқиға Алматы облысындағы Қапшағай жағалауында болды. Ерлі-зайыптылар көл суларында қатынасқа түсті. Жағажайда демалушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп алды. Полиция сонымен бірге видео кейіпкерлерін іздестіруде. Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттері үшін олар шамамен 50 мың теңге көлемінде айыппұл салады.