Мұрат Бектанов Қаңтар трагедиясынан кейін 19 қаңтар күні қызметінен кеткен болатын, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
22 ақпаннан бері қамауда отырған экс-министр 15 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Оған мемлекеттік сатқындық жасады деген айып тағылған еді.
ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, экс-министрге ҚК 451 бабының 3-бөлігі (Билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.
Бұл бапқа сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бұдан бөлек ол белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде министрді өзіне артылған міндетті орындай алмады деп сынға алып, қызметінен босатқан болатын.
Ол Қазақстанның Қорғаныс министрі болып 2021 жылдың 31 тамызында тағайындалған еді.