Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бұрынғы сүйіктісін тонап кеткен ер адам ұсталды

22 желтоқсан 2021, 01:11

Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленуші қызбен бұрын бірге тұрып келген және онда пәтердің кілті болған. Соны пайдаланған ер адам кешкі уақытта пәтер иесі үйде жоқ кезде теледидар мен зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен.

 

Ұрыдан түсініктеме алынып, заттай айғақтар тәркіленді және қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.