Қылмыс

Бұрынғы вице-министр 10 жылға сотталуы мүмкін

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Қазақстанның бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға Сарань қаласының әкімі қызметін атқарған уақытта бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылған.

 

Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунікті он жылға бас бостандығынан айыруын соттан сұрады. Істегі тағы екі сотталушы &mdash "ТКШ дамыту қоры" компаниясының бұрығны төрағасы Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының директоры Ерлан Нәбиевті сегіз жылға соттауын сұрады. Прокурорлар сотталушыларды сот залында қамауға алуды ұсынды.

 

Шкарупа 2014-2017 жылдары Қарағанды облысындағы Сарань қаласын басқарып тұрған уақытта жылуды есептеу құрылғысын орнату кезінде жемқорлық жасаған деп айыпталды. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, "орталық жылу қазандығы жоқ қалада мұндай құрылғыны орнатудың қажеттілігі болмаған".

 

Шкарупа бұның алдында тергеу кезінде өзін "азаптағанын" мәлімдеген. Сонымен бірге ол тағылған айыптар жалған дегенді бірнеше мәрте сотта қайталаған.

 

Прокуратура мәліметі бойынша, сотталушылар бюджеттен 104 миллион теңге ұрлаған.

 

Бұл іске қатысты сот 2019 жылы желтоқсанда басталды. Шкарупаны 2018 жылы қарашада ұстаған, бірақ былтыр жазда оны үйқамаққа ауыстырған.

 

 

 

Abai.kz




Көрілген: 300    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31