Қылмыс

Бюджеттің 40 млн теңгесін жымқырған екі әйел сотталды

  • https://ru.sputnik.kg/

    https://ru.sputnik.kg/

Павлодар облысындағы «Шаңырақ» мәдени ойын-сауық орталығының бұрынғы директоры мен кассирі мемлекеттік қаражатты жеке пайдасына жұмсағаны үшін жаза арқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 

Белгілі болғандай, екі әйел 2017-2019 жылдар аралығында жалған құжаттар жасап, сол арқылы 40 млн теңгені қалтасына басқан. Бұл сома әнші, әртістердің іс жүзінде көрсетпеген қызметі үшін төленді деп көрсетіліп, мекеменің шотындағы бюджеттік қаражат олардың шоттарына аударылып отырған.

 

Бірақ айыпталушылар тағылған айыпты мойындаған жоқ.

 

Бұған дейін үйқамақта болған күдіктілер сот залынан босатуды сұрады. Алайда Павлодар қаласының №2 сотының судьясы Қуаныш Төлебаев екі әйелдің кінәсі толығымен дәлелденді деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

 

«Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлімі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Директор 58, ал кассир 59 жаста екенін, сондай-ақ айыпталушылардың келтірілген шығын көлемінің бір бөлігін қайтарғанын ескере отырып, жаза жеңілдетілді», - деді Қуаныш Төлебаев.

 

Сонымен қатар, директор өмір соңына дейін мемлекеттік қызметті, кассир 10 жыл бойы материалдық жауапкершілігі бар жұмысты атқару құқығынан айырылды.

 

Екі айыпталушы да сот залында тұтқынға алынды.

 

Бұл шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 




Көрілген: 804    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31