Қылмыс

Дәмхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлаған даяшы ұсталды

  • © zaim-bistro.ru

    © zaim-bistro.ru

4 қала тұрғыны банк картасынан ақша ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


«Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ол қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүріп, қонақтар POS-терминалдың көмегімен төлем жасаған кезде олардың банк картасынан реквизиттерді алып қалып отырған. Әрі қарай осы реквизиттерді қолданып, интернет-банкинг арқылы ақша ұрлаған», - делінген полиция ақпаратында.


Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 4-тармғы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды абай болуға шақырады.


Алаяқтық әрекеттерден күдіктенсеңіз, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7172)71-62-91 немесе 102.


 




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31