Қылмыс

Дәмханада 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған рюкзакты ұрлап кетті

  • Дәмханада 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған рюкзакты ұрлап кетті

    Дәмханада 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған рюкзакты ұрлап кетті

Полиция қызметкерлері күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысына кетіп қалғанын анықтады

Ақтөбеде белгісіз біреу 4 мың доллар және миллион теңгеге жуық ақша салынған әйелдер рюкзагын ашық түрде ұрлап кетті.  

Оқиға 101 атқыштар бригадасы көшесіндегі кафелердің бірінде 15 желтоқсан күні түстен кейін болған.  

"24 жастағы қала тұрғыны патрульдік полиция жасақтарына үстел үстінде жатқан рюкзағында 4 100 АҚШ доллары, 824 мың теңге сомасында ақша болғандығын айтты. Жалпы шығын &ndash 2,5 миллион теңге", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Қабылданған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті қылмыс жасағаннан кейін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына кетіп қалғаны анықталды.

Көрші облысқа жіберілген жедел уәкілдер Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

sputnik.kz




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.12.2020, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31