Қылмыс

Дәрігерлер үстемақысы: 70 млн теңгені белгісіз біреу электронды түрде ұрлаған

  • Дәрігерлер үстемақысы: 70 млн теңгені белгісіз біреу электронды түрде ұрлаған

    Дәрігерлер үстемақысы: 70 млн теңгені белгісіз біреу электронды түрде ұрлаған

Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжаттарын тапсырған. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Атырау қалалық №1 емханасының бірнеше медициналық қызметкері коронавирус індетін жұқтырған медициналық қызметкерлерге төленетін өтемақы бізге де берілсе деген өз талап-тілектерін айтты.
Оларға Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхан Байдуәлиев барып, мәселенің мән-жайын түсіндіріп,  өтемақының заң талаптары шеңберінде комиссия шешімі негізінде төленетінін жеткізді.  

Оның сөзінше, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызмет барысында коронавирус жұқтырып алған медициналық қызметкерлерге эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде  өтемақы төлеу туралы бірлескен бұйрығы бар. 

Соған сай, келетін дәрігерлерге өтемақы төленеді. Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша короновирус инфекциясы мен вирустық пневмония жұқтырдық деп жәрдемақы алу үшін 955 медициналық қызметкер құжаттарын тапсырған. 

Оларды короновирус індетімен күресте қызмет еткен медицина қызметкерлеріне үстемақы мен өтемақыны төлеу комиссиясы тұрақты түрде қарауда. Бүгінге дейін 9 отырыс өткізген. Құжаттардың 474-сі мақұлданып, 481-і кері қайтарылған.  

Бірақ жақында аталған бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізілуіне байланысты дәрігерлердің құжаттарын комиссияға қайта беріп, қазір қаралып жатыр, - деді Асхан  Байдуәлиев. 
Ол сондай-ақ медициналық қызметкерлерге ковидпен күрес кезінде жалақысына қосылатын үстемақылары уақытылы төленгенін атап өтті.  Оның сөзінше, медицина қызметкері коронавируспен ауырған жағдайда &ndash 2 млн теңге, ал көз жұмған жағдайда туыстарына 10 млн теңге беріледі. Өтемақы  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем ретінде төленеді. 

Сондай-ақ ол Атырау қалалық №1 емхананың  шотындағы 70 млн теңгенің ұрлануына қатысты да түсініктеме берді. Оның сөзінше, электронды түрде ұрылық жасалған. Тиісті құқықтық органдар тергеу-анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.


BAQ.KZ




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 02:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30