Қылмыс

Денесін бөлшектеп, үстіне бетон құйған: Атырауда болған қылмыстың беті ашылды

  • https://kznews.kz/

    https://kznews.kz/

Атырауда күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастады деп айыпталып жатқан қала тұрғынына қатысты іс материалдарында қылмыстық-процессуалдық заңнама бұзылғаны анықталды, – деп хабарлады  kznews.kz  ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

 

Жантүршігерлік қылмыс сонау 2012 жылы жасалған, алайда бұл жайында өткен жылдың күзінде ғана белгілі болды. Полицейлер Дулатов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 44 жастағы ер адамның сүйегін тапты.

 

Марқұмның бала-шағасы оған ұйықтататын дәрі беріп, тұншықтырып өлтіріп, мәйітін бөлшектеген. Сүйегін түнде душқа деп қазылған шұңқырға көміп, үстіне бетон құйып тастаған. Содан соң орнына тауық қора салған. Олар полицияға отағасы үйден шығып кетіп, қайтып оралмады, жат діни ағымның жетегінде кетті деп өтірік айтқан.

 

Бірақ бұл қылмысты отбасының туыстарының бірі біліп қалады. Жас жігіт мұны ешкімге айтпау үшін 5 миллион теңге бопсалайды. Әйел ондай ақшаны тауып бере алмай, полицияға шағым түсіруге мәжбүр болған. Жедел қызметкерлер бопсалаушыны ұстап, туыстарынан не үшін ақша талап еткенін тергейді, ол шындықты жайып салған. Жігіт жантүршігерлік қылмысқа марқұмның әйелінің ғана емес, екі қызының да қатысы бар екенін айтқан. Осылайша жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. Алайда марқұмның әйелі ғана қамауға алынған болып шықты, қалғандары куәгер ретінде жауап берген.

 

«Сотқа дейінгі тергеуден кейін іс материалы сотқа берілді. дегенмен сот істі қарап шығып, қылмыстық-процессуалдық заңнаманың бұзылғанын анықтады, оларды жою үшін істі прокурорға қайтарып берді», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Тергеушілер қанды оқиғаның себебін анықтап жатқанда сот бопсалаушыға үкім шығарып үлгерді. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енді.




Көрілген: 1910    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 00:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31